logo

Қазақстан әйелдер құрамасысу добынан Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан әйелдер құрамасысу добынан Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Чжаоцинде су добынан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан әйелдер құрамасы турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Екінші ойында қазақстандық су добы шеберлері Гонконг құрамасын сенімді түрде жеңді. Кездесу 25:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, алғашқы матчта да отандастарымыз Сингапурды ірі есеппен ұтқан болатын.

Жалпы, Азия чемпионатына алты команда қатысып, айналмалы жүйе бойынша өзара ойын өткізуде.