Паралимпиадалық жаттығу орталығы ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық эстафетасын өткізді

Паралимпиадалық жаттығу орталығы ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық эстафетасын өткізді

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы Ұлттық балаларды оңалту орталығымен бірлесіп ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» атты спорттық-сауықтыру шарасын өткізді. Іс-шара Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Шараға Ұлттық балаларды оңалту орталығында оңалтудан өтіп жатқан еліміздің әр өңірінен келген 50-ден астам ерекше бала, сондай-ақ Паралимпиадалық жаттығу орталығының спортшылары қатысты.

Қатысушылар үшін көңілді ойындар, спорттық эстафеталар мен белсенді жарыстар ұйымдастырылып, балаларға жарқын эмоциялар, көтеріңкі көңіл күй және нағыз мерекелік атмосфера сыйлады. 

Іс-шара соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

2025–2026 жылдарға арналған алдын ала бағалау деректеріне сәйкес, Қазақстанда мүгедектігі бар балалар саны шамамен 105–115 мыңды құрайды. Қазіргі таңда оңалту және инклюзивті қолдау бағдарламаларына мұқтаж балалар санының арту тенденциясы байқалады. Осыған байланысты қолжетімді орта мен инклюзивті спортты дамыту әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.



Күн шежіресі