Нұрлан Домбаев паратаеквондодан тарихи алтын медаль жеңіп алды

Нұрлан Домбаев паратаеквондодан тарихи алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Нұрлан Домбаев Парижде өткен паратаеквондодан Гран-при сериясының турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Айта кетейік, бұл — Қазақстан тарихындағы паратаеквондодан Гран-при сериясында жеңіп алынған алғашқы алтын медаль.

Нұрлан Домбаев — паратаеквондодан екі дүркін әлем және үш дүркін Азия чемпионы. Сондай-ақ ол Ханчжоуда өткен 2022 жылғы Азия Пара ойындарында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанған.

Париждегі жарыста тағы бір қазақстандық спортшы Жанболат Қазиев қола медаль жеңіп алды.



Күн шежіресі