Түркия Суперлигасы қайта оралады: «Галатасарай» — «Қасымпаша» матчының тікелей эфирі
Түркия Суперлигасы ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты болған үзілістен кейін қайта жалғасады.
9 қазанда чемпионат аясында «Галатасарай» мен «Қасымпаша» командалары кездеседі. Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.
Соңғы төрт маусымның чемпионы «Галатасарай» үзіліске дейінгі кездесуінде «Трабзонспордан» 0:4 есебімен жеңілген болатын. Сонымен қатар Окан Бурук шәкірттері дисквалификацияға байланысты Лесли Угочуквудың көмегіне жүгіне алмайды.
Дегенмен үш апталық үзіліс команданың шабуылдағы көшбасшысы әрі үздік сұрмергені Виктор Осимхеннің қалпына келуіне мүмкіндік берді. 4 қыркүйектен бері алаңға шықпаған нигериялық шабуылшы жалпы топпен жаттығуға кірісті. Алайда оның алдағы кездесуге қатысуы әзірге белгісіз.
«Галатасарай» турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Амедспордан» тек доп айырмашылығы бойынша қалып, екінші орында тұр.
Ал Эмре Белезоглу жаттықтыратын «Касымпаша» сегізінші сатыға жайғасқан. Команданың үздік сұрмергені — жазда Италия А сериясынан ауысқан польшалық шабуылшы Адриан Бенедыщак.
«Галатасарай» — «Қасымпаша» матчы 9 қазанда сағат 22:00–де басталады. Кездесуді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.