Диас Жиренбаев Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада жетінші орын алды

Диас Жиренбаев Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада жетінші орын алды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан ISU Challenger Series халықаралық сериясына кіретін Денис Тен мемориалы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы жекелей сында қысқа бағдарлама аяқталды. Қазақстандық Диас Жиренбаев төрешілердің шешімімен 66,11 ұпай еншілеп, жетінші орынға тұрақтады.

Алғашқы үш орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жатқан ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар иеленді. Владислав Дикиджи 107,31 ұпаймен көш бастаса, Глеб Лутфуллин 95,79 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал Пётр Гуменник 80,63 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, ерлер арасындағы еркін бағдарлама 10 қазанда өтеді.



Күн шежіресі