Зулфия Габидуллина — пара жүзуден әлемдік серияның қола жүлдегері

Зулфия Габидуллина — пара жүзуден әлемдік серияның қола жүлдегері

1–3 мамыр аралығында Париж қаласында өткен пара жүзуден әлемдік серияда Зулфия Габидуллина 150 метрге кешенді жүзу дисциплинасында 3 минут 47 секунд нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+.

Бірінші орынды Өзбекстан спортшысы Лолахан Қадирова (3:00.51), ал екінші орынды ресейлік Зоя Щурова (3:34.21) иеленді.

Сондай-ақ, осы жарыста Диас Кенжебек S10 санатында 100 метрге шалқалап жүзуден 1 минут 3 секунд нәтижемен Азия рекордын орнатты.

Аталған жарыстарға Қазақстан атынан Зулфия Габидуллина, Наталья Звягинцева, Диас Кенжебек, Ержан Салимгереев, Саулет Рахманберды және Максат Сарсембаев қатысты. Жақын арада Қазақстан құрамасы 7–9 мамыр күндері Берлинде өтетін халықаралық жарыстарға қатысады. Бұл бәсекелер 18–26 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия Пара ойындарына іріктеу (рейтингтік) жарыстар болып табылады.

«Бұл жарыстардағы басты мақсатымыз — спорттық нормативтерді орындап, үздік нәтижелер көрсету», — деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды спорттық даярлау орталығының пара жүзу бойынша бас жаттықтырушысы Айдар Қартпаев.

Айта кетейік, пара жүзуден әлемдік серияға әлемнің 37 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты.



Күн шежіресі