logo

Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алды

Қазақ спортшысы Ербол Хамитов Милан қаласында өткен 2026 жылғы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Парабиатлон бойынша жарыста ол пьедесталдың бірінші сатысына көтерілді.

Хамитов 4,5 километрлік (отырып) қуып жету жарысында топ жарды.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов парашаңғы жарыстарында қола медальға ие болып, Қазақстанның спорт тарихына тағы бір жеңіс қосқан болатын.



Күн шежіресі