Николай Самусев Кабардиев – Ашурлаев жекпе-жегі туралы: Магомедтің қарсыласы өте мықты, бірақ ол жеңіске жетеді
NAIZA лигасының жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Николай Самусев NAIZA 82 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Sport+.
«Магомед Кабардиевтің қарсыласы Наби Ашурлаев — өте мықты әрі лайықты спортшы. Бірақ менің ойымша, Магомед ақырында жеңіске жетеді».
Жекпе-жек 2 мамыр күні Алматыда өтеді.
Турнирді толықтай тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көруге болады.