«Тобыл» бас бапкерімен қош айтысты
«Тобыл» футбол клубы Нұрбол Жұмасқалиев команданың бас бапкері қызметінен кеткенін мәлімднді, деп хабарлайды Sport+.
Оның жетекшілігімен «Тобыл» айтарлықтай жетістіктерге жетті: Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алып, сондай-ақ чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
«Мен «Тобыл» футбол клубының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл менің мансабымдағы өте маңызды әрі құнды кезең болды. Дәл осы жерде мен бапкер ретінде алғашқы жүлделерімді жеңіп алдым және осы уақыт ішінде біз бірге үлкен жолдан өттік.
«Тобыл» — менің өмірімдегі ең маңызды клуб. Осы жерде мен ойыншы ретінде қалыптастым, және бұл клуб маған өте көп нәрсе берді. Облыс басшылығына қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, соңына дейін команданы қолдаған жанкүйерлерімізге ерекше рахмет — клуб мұны шын мәнінде бағалайды.
Бапкерлер штабына, қызметкерлерге, клубтың барлық жұмысшыларына және, әрине, командаға — жанымда болып, алға жылжуға көмектескендердің бәріне алғыс білдіремін. Команда жағдайды түзеп, дағдарыстан шығып, турнирлік кестеде жоғарылайды деп сенемін», — деп Нұрбол Жәрдемұлының сөзін клубтың баспасөз қызметі келтіреді.