Қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаев қысқа мерзім ішінде түскен ұсынысты қабылдап, Fight Nights турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

Әділ Мәскеуде өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы — лиганың бұрынғы чемпионы Дмитрий Бикрев. Ресейлік спортшы қазақстандық жанкүйерлерге Гойти Дазаевпен өткізген екі жекпе-жегі арқылы таныс.

Бикрев соңғы кездесуінде Александр Сарнавскийден нокаутпен жеңілген болатын.

Бастапқыда ресейлік файтердің қарсыласы отандасы Артур Пронин болуы тиіс еді. Алайда ол жарақатына байланысты турнирден бас тартты.

Әділ Боранбаев та соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан. Ол Алматыда өткен ACA турнирінде Әли Машраповқа төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберді.

Жекпе-жек 26 қарашада өтеді.