«Ордабасы» футбол клубы бас бапкер Андрей Мартиннің келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кеткенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

Молдовалық маман екі жыл ішінде шымкенттік клубты Қазақстан чемпионаты мен ел кубогындағы жеңіске жеткізді. Сондай-ақ өткен маусымда команданы Қазақстан кубогының финалына шығарды.

2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша Андрей Мартин жылдың үздік бапкері атанды.