logo

Заманбеков Саясатовқа қарсы титулын қорғайды: жекпе-жек күні белгілі

Заманбеков Саясатовқа қарсы титулын қорғайды: жекпе-жек күні белгілі

NAIZA лигасының аса жеңіл салмақтағы чемпионы Болат Заманбеков 23 мамыр күні Алматыда титулын қорғайды, деп хабарлайды Sport+. 

Оның қарсыласы Еламан Саясатов болады.

Жекпе-жек бастапқыда бос тұрған белбеу үшін өтуі тиіс еді, алайда Саясатовтың жарақатына байланысты кейінге шегерілген.

Нәтижесінде Болат Ислом Каримовпен кездесіп, оны бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, лига чемпионы атанды.

Заманбеков 2024–2025 жылдары NAIZA-дан тыс бірнеше жекпе-жек өткізіп, One Championship, Karate Combat және кореялық Ring FC ұйымдарында өнер көрсетті. Кейін қазақстандық лигаға қайта оралып, қазіргі таңда бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталған екі жеңістен тұратын серияға ие.

Еламан әзірге жеңіліс көрмеген, NAIZA лигасында қатарынан төрт жеңіске жеткен. Үміткерлік жекпе-жекте Қазбек Сағынды жеңді — қарсыласы жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмады.

Алматыда өтетін турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.



Күн шежіресі