Жансерік Жақсыгүлұлы: Оның артықшылығы – команда, менікі – қайсар рух. Мен белбеу үшін бара жатырмын
NAIZA лигасының жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуіне үміткер Жансерік Жақсыгүлұлы алдағы Майке Линареске қарсы жекпе-жегі туралы пікір білдірді:
«Әрбір файтер алтын белбеуді армандайды, менің уақытым келді. Алда — мықты бразилиялықпен чемпиондық белбеу үшін айқас. Дайындығым өз жерімде — «Жакс ММА академиясында» өтуде.
Көпшілік менің командам туралы сұрайды. Менің жеке бапкерім жоқ. Мен өз жолымды өзім құрамын: геймпланды да өзім жасаймын, жаттығу процесін де өзім басқарамын, әрі осы кардта шығатын шәкірттерімді де өзім дайындаймын. Менің дайындығым — таудағы жиындар, мықты спарринг-серіктестер және темірдей тәртіп.
Оның артықшылығы — үлкен командасы мен бапкерлері. Менің артықшылығым — сынбайтын ерік-жігер. Қазір 90% дайынмын және осы белбеу үшін бара жатырмын.
Сіздерді нағыз «Big Drama Show» күтеді! Келіп, өз жеріңіздің ұлын қолдаңыздар. Мен өз деңгейімді көрсетіп, ұмытылмас жекпе-жек сыйлауға уәде беремін»
Турнир 2 мамыр күні Алматыда өтеді. Ивент тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көрсетіледі.