«Alash Pride» алдағы турнирлерін жариялады
Қазақстандық «Alash Pride» лигасы Шымкентте екі турнир өткізеді. Қос турнир 5 мамырға жоспарланған.
Кештің басты жекпе-жегі — жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін қазақстандық Ернар Әлімбеков пен қырғызстандық Каныбек Жаныбек уулу арасындағы айқас болмақ.
Әлімбеков қатарынан үш жекпе-жекті бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқтап, барлығында да сабмишен арқылы жеңіске жетті.
Ал Каныбек АСА ұйымындағы сәтсіз кезеңнен кейін қазақстандық лигаларға оралып, 2025 жылдың желтоқсанында төрешілердің екіге бөлінген шешімімен «Alash Pride-тың» экс-чемпионы Рустем Құдайбергеновты жеңді.
5 мамырдағы турнир тікелей эфирде Sport+ арнасынан көрсетіледі.