logo

Әліби Ідіріс допинг дауына қатысты пікір білдірді

Әліби Ідіріс допинг дауына қатысты пікір білдірді

Қазақстандық ММА жекпе-жек шебері Әліби Ідіріс әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің дисквалификациясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+. 

«Құрметті жанкүйерлер, ассалам алейкум! Бір жарым ай бұрын сіздерді жарқын жеңісіммен қуантқан едім, бірақ бүгін таңертең жағымсыз жаңалық шықты — бұл жекпе-жек есепке алынбайды.

Неге? Қазір түрлі ақпарат тарап жатыр. Атап айтқанда, мені допингпен ұсталды деп айтып жатыр. Әңгіме дәріханадан алынатын препарат — зәр айдайтын құрал туралы. Жекпе-жек аптасында мен көп су іштім, ал бұл препарат сұйықтықты шығаруға көмектесті. Шынымды айтсам, оның тыйым салынғанын бастапқыда білмедік.

Бұл дәріханада еркін сатылатын, бағасы да арзан қарапайым құрал. Бұл — менің қателігім. Сондай-ақ бұл біздің бауырларымыз бен басқа спортшыларға сабақ болсын — дәріхананың өзінде де тыйым салынған заттар көп. Бірақ бұл тестостерон, мастерон немесе мельдоний сияқты тыйым салынған препараттар емес. Бұл басқа нәрсе.

Нәтижесінде мені жарыстардан шеттетті. Әлі 10 ай қалды. Жалпы алғанда тағы 6 жекпе-жек бар. Бұл тек менің қателігім! Иншаллах, баршаңызға рахмет. Біз қайта ораламыз!»

Қазақстандық спортшы бір жылға — 2027 жылғы 21 ақпанға дейін жекпе-жектерден шеттетілді.