«Alash Pride» жаңа титулдық жекпе-жек туралы жариялады
«Alash Pride» лигасының Тараз қаласында өтетін турнирінде 77 келі салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport+.
Белбеуге қазақстандық Абдурахман Өмірзақов пен Өзбекстанның жеңілмеген өкілі Фирдавс Муроталиев таласады.
Бастапқыда Өмірзақов ресейлік Акбар Гаджиэкперовпен жұдырықтасуы тиіс еді, дәл осы спортшы белбеу иегері болған. Алайда чемпион жекпе-жектен бас тартып, титулынан айырылды.
Турнир 31 наурыз күні өтеді. Бүкіл турнирді тікелей эфирде Sport+ арнасы көрсетеді.