Жұмағұлов салмақ дәрежесін көтеріп, OKTAGON лигасының қос чемпион атануы мүмкін
Чехиялық OKTAGON лигасы бразилиялық Игорь Северино мен қазақстандық Жалғас Жұмағұлов арасындағы титулдық жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Бұл жекпе-жекте бразилиялық спортшы өз чемпиондық белбеуін қорғайды. Ал Жұмағұлов жеңіске жеткен жағдайда, лиганың қос чемпионы атанады.
Жекпе-жек 6 маусым күні Словакияның Братислава қаласында өтеді.