logo

ТМД кеңістігіндегі ең көп күтілген реванштардың бірі: АСА турниріндегі Бакытжанұлы — Гришин жекпе-жегінің тікелей эфирі

ТМД кеңістігіндегі ең көп күтілген реванштардың бірі: АСА турниріндегі Бакытжанұлы — Гришин жекпе-жегінің тікелей эфирі

UFC-тен кеткеннен кейін Максим Гришин RCC лигасымен келісімшартқа отырып, қазақстандық Асылжан Бакытжанұлымен жекпе-жек өткізді.

Асылжан жекпе-жек барысында Гришинді екі рет нокдаунға түсірді, алайда үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Максимге берді. Бакытжанұлының командасы наразылық білдіргеннен кейін ММА Одағы жекпе-жекті қайта қарап, регламент бойынша жеңімпазды өзгерту мүмкін болмағандықтан, жекпе-жекті өтпеген (жарамсыз) деп тану туралы шешім қабылдады.

Осы жекпе-жектен кейін Максим Гришин қазақстандық жанкүйерлердің сынына жиі ұшырап, әлеуметтік желілерде олармен белсенді түрде сөз таластырып, Асылжанды да түртпектей бастады.

Сондықтан бұл реванштың уақыты келіп, оны АСА лигасы Санкт-Петербургтегі турнир аясында ұйымдастырды. Бакытжанұлы — Гришин жекпе-жегі негізгі кардты ашады.

Толық кард төмендегідей:

ТМД кеңістігіндегі ең көп күтілген реванштардың бірі: АСА турниріндегі Бакытжанұлы — Гришин жекпе-жегінің тікелей эфирі

Турнирдің басталуы — 18:30. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі