logo

Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазіргі таңда Гонконгта велотректен Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы «омниум» сайысында Қазақстан құрамасының өкілі Әлішер Жұмақан үздік ондыққа енді.

Жарыс қорытындысы бойынша Жұмақан тоғызыншы орын алды.

Алтын жүлдені нидерландтық Филип Хейнен жеңіп алды. Екінші орынды жапониялық Кадзусигэ Кубоки иеленсе, британиялық Мэттью Босток қола медальға қол жеткізді.



Күн шежіресі