«Аланьяспор» бес жылдан бері «Фенербахче» жеңе алмай келеді: матчтың тікелей эфирі

«Аланьяспор» бес жылдан бері «Фенербахче» жеңе алмай келеді: матчтың тікелей эфирі

Футболдан Түркия Суперлигасының 8-туры аясында «Фенербахче» өз алаңында «Аланьяспорды» қабылдайды. Аланьялық клуб «Фенербахче» үшін қолайлы қарсыластардың бірі саналады.

«Аланьяспор» өз тарихында «Фенербахчені» небәрі үш рет жеңген. Соңғы рет бұл команда 2021 жылы жеңіске жеткен болатын.

Содан бері өткен тоғыз кездесуде «Фенербахче» қарсыласының қақпасына 26 гол соғып, тек екі матчта ғана тең нәтижеге жол берді.

Қос команданың кезекті кездесуі 16 қазанда сағат 21:00–де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.



Күн шежіресі