Дзюдодан Хорватиядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Дзюдодан Хорватиядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Хорватияның Загреб қаласында өтетін «Үлкен Дулыға» турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жарыста ел намысын 17 спортшы қорғайды.

Ерлер

60 келі: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан

66 келі: Нұрқанат Серікбаев

73 келі: Бақытжан Абдурахманов

90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы

Әйелдер

48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова

57 келі: Дана Әбдірова 

63 келі: Эсмигүл Куюлова

70 келі: Ажар Асхат

78 келі: Екатерина Токарева

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 13-15 қарашада өтеді. 



Күн шежіресі