Қылыштасудан Грекияда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Афина қаласында (Грекия) қылыштасудан әйелдер арасында Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының намысын сегіз спортшы қорғайды. Құрамға Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Карина Доспай, Полина Ко, Диляра Исабекова, Татьяна Приходько, Наргиз Сайдуллаева және Қайша Жәнібек енді.
Спортшылар жекелей сында да, командалық жарыста да өнер көрсетеді.
Әлем кубогының кезеңі 17-19 сәуір аралығында өтеді.