Көркем гимнастикадан Бакуде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Көркем гимнастикадан Бакуде (Әзірбайжан) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық гимнастика федерациясының мәліметіне сәйкес, аталған турнирде Қазақстан құрамасы жекелей сында екі спортшымен өнер көрсетеді.
Құрамға Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева енді.
Айта кетейік, жуырда Францияның Тье қаласында өткен Гран-при кезеңінде Ерекешева екі күміс және екі қола медаль жеңіп алған еді.