logo

Шымкентте ATP Challenger 50 турнирінің негізгі кезеңі басталды

Шымкентте ATP Challenger 50 турнирінің негізгі кезеңі басталды

Шымкенттегі теннис марафоны шешуші кезеңіне өтті. Бүгін ATP Challenger 50 турнирінің ресми ашылу рәсімі болып, негізгі кестенің алғашқы матчтары басталды.

Салтанатты шараға Қазақстан теннис федерациясы мен қала әкімдігінің басшылығы, сондай-ақ ATP өкілдері қатысты.

Ашылу рәсімі ұлттық нақышта ұйымдастырылып, музыкалық ансамбльдің өнері мен қазақ ойындарының көрсетілімі шетелдік қонақтарды тәнті етті. Биылғы доданың географиясы ауқымды: Шымкент төріне әлемнің 25-тен астам елінен ойыншылар жиналды.

 19 сәуірде басталған іріктеу сындары отандық ойыншылар үшін оңай болған жоқ. Дамир Жалғасбай мен Григорий Ломакин барын салғанымен, тәжірибелі қарсыластарына жол беріп, негізгі кезеңге өте алмады.

Бүгін негізгі кестенің алғашқы айналымында Амир Омарханов пен молдовалық Раду Алботтың кездесуі өтті. Өз уақытында әлемдік рейтингтің үздік 40 ойыншысының қатарына енген Албот тәжірибесі мен шеберлігін танытып, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті Дегенмен, мұндай деңгейдегі ойыншымен кортқа шығу Амир үшін өз мүмкіндігін саралауға жақсы жағдай жасады.

Турнирдің қызуы енді арта түспек. Бүгін негізгі кестеде ұлттық құрама көшбасшылары — Денис Евсеев пен Тимофей Скатов, сондай-ақ жас талант Заңғар Нұрланұлы өз матчтарын бастайды. Сонымен қатар қазақстандықтар жұптық разрядта да бақ сынайды.
 
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!
Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз



Күн шежіресі