Соня Жиенбаева мен Бьянка Андрееску матчынан кейін есеп теңесті
Billie Jean King Cup іріктеу кезеңінің екінші матчында Канада құрамасы Қазақстанмен есепті теңестіре алды, деп хабарлайды Sport+.
19 жастағы отандасымыз Соня Жиенбаева тартысты өткен кездесуде US Open турнирінің экс-чемпионы Бьянка Андреескуге жол берді –4:6, 6:7 (4:7).
Бірінші сеттегі жалғыз брейк партия тағдырын шешсе, екінші кезеңде Соня нағыз мінез көрсетті. Жиенбаева ойынды барынша ширатып, қарсыласына айтарлықтай қысым көрсетті. Нәтижесінде ойын тай-брейкке дейін ұласты. Соня матч тізгінін үшінші сетке аударуға өте жақын болды, алайда шешуші сәттерде Андрееску тәжірибесінің арқасында қателіктерді азайтып, жеңісті жұлып әкетті. Жеңіліске қарамастан, Жиенбаева өзінің қайсар мінезі мен әлемдік деңгейдегі теннисшілермен терезесі тең ойнай алатынын дәлелдеді.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан — Канада сериясындағы есеп 1:1. Турнирдің финалдық кезеңіне жолдама беретін шешуші кезең ертең, 11 сәуірде анықталады. Ереже бойынша, бес кездесудің ішінде үш жеңіске бірінші жеткен команда іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанады.
11 әуірге арналған кесте:
— Анна Данилина / Жібек Құламбаева — Ариана Арсено / Александра Ваграмов
— Юлия Путинцева — Бьянка Андрееску
— Соня Жиенбаева — Кайла Кросс (қажет болған жағдайда)
Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!
Lexus. Experience Amazing
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Forte. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.