logo

Юлия Путинцева Қазақстан құрамасын алға шығарды

Юлия Путинцева Қазақстан құрамасын алға шығарды

Астанада Billie Jean King Cup турнирінің іріктеу кезеңі басталды. Қазақстан мен Канада құрамалары арасындағы тартыстың алғашқы матчында кортқа Юлия Путинцевамен Кайла Кросс шықты, деп хабарлайды Sport+. 

Кездесу Қазақстан құрамасы көшбасшысының пайдасына 6:3, 7:5 есебімен аяқталды.

Бірінші партияда Юлия ойын тізгінін өз қолына алды. Ерте жасалған брейктің арқасында Путинцева әрбір ұпай үшін таласта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, өз шартын таңдаумен болды. Дегенмен, екінші сетте корттағы жағдай шиеленісе түсті. Теннисшілер кезек-кезек брейк жасап, нағыз тартысқа толы ойын көрсетті. Канадалық спортшының табанды қарсылығына қарамастан, шешуші сәттерде Юлияның тәжірибесі мен мінезі басым түсті. Отандасымыз қарсыласын қапы қалдырып, матчты жеңіспен аяқтады.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.

Алғашқы жарыс күнінің бағдарламасын Соня Жиенбаева мен US Open турнирінің экс-чемпионы Бьянка Андрееску арасындағы кездесу жалғастырады.

Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала! 
Lexus. Experience Amazing
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Forte. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.