Едіге Қасымбек Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде отандасымыз Түрікменстан балуаны Зымамухаммет Сапаровпен кездесті.
Едіге қарсыласынан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұған дейін Начын Куулар да қола медаль иеленген еді.