«Alash Pride» лигасы жеңіл салмақтағы жаңа чемпионды жариялады
«Alash Pride» чемпионы атағын соңғы рет қорғағаннан кейін Бекзат Жасия жеңіл салмақтан жартылай жеңіл салмаққа ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Осылайша, лига 61 келі салмақта уақытша чемпион атағына ие болған Жәнібек Тыныштықтың енді толыққанды чемпион атанғанын хабарлады.
«Еркін Күш» клубының түлегі — жеңіліссіз келе жатқан спортшы. Оның қазіргі рекорды — 7:0. Соңғы жекпе-жегін Алматыда өткен «Alash Pride» және Brave лигаларының бірлескен турнирінде өткізіп, Асылбек Рустамбек уулун қылқындыру әдісімен жеңді.