«Alash Pride» қыркүйек айында екі титулдық жекпе-жек жариялады
«Alash Pride» лигасы қыркүйек айында өтетін турнирлер аясында екі титулдық жекпе-жек жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Алғашқы жекпе-жек 26 қыркүйекте Ташкентте MANGU лигасымен бірлесіп өтетін турнирде ұйымдастырылады.
Лиганың жеңіл салмақтағы чемпионы Ернар Алімбеков титулын Қаныбек Жаныбек уулуына қарсы жекпе-жекте қорғайды.
30 қыркүйекте Шымкентте Бекзат Жасия чемпиондық белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы қырғызстандық Маратбек уулу болады.