«Alash Pride» қыркүйек айында төрт турнир өткізеді, оның екеуі Өзбекстанда
«Alash Pride» лигасы қыркүйек айында өтетін турнирлердің кестесін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Күздің алғашқы айында лига аясында төрт турнир ұйымдастырылады.
10 қыркүйекте қазақстандық лига Бухара қаласында ATF-пен бірлескен турнир өткізеді. Ал 26 қыркүйекте Ташкентте Mangu FC-мен тағы бір бірлескен турнир өтеді.
Ал 30 қыркүйекте Шымкент қаласында бірден екі турнир ұйымдастырылады.