Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Азиада-2026 ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз Қытайлық Тайбэй өкілі Хун Цзюнь-имен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Батырхан Төлеуғали жарысты жартылай финалда аяқтап, Азиаданың қола жүлдегері атанды.