Екатерина Таранцева слаломды есуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Екатерина Таранцева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында слаломды есуден қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Таранцева әйелдер арасындағы бірлік-байдарка жарысының финалында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 112,23 секундта бағындырып, үшінші орын алды.
Жарыста жапониялық Ито К. 107,60 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орынды 111,70 секунд көрсеткішпен Қытай өкілі Чэнь Линь иеленді.