Виртуалды таеквондо: Рита Бакишева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Виртуалды таеквондо: Рита Бакишева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының өкілі Рита Бакишева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында виртуалды таеквондодан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз жарысты 1/8 финалдан бастап, бұл кезеңде Иордания өкілі Мухаммад Аль-Адарбиді жеңді. Ширек финалда Үндістан спортшысы Кашиш Маликтен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Рита Филиппин өкілі Джус Габриэль Дерик Япемен кездесті. Қазақстандық спортшы 0:2 есебімен жеңіліп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл спорт түрінде қатысушылар VR технологияларын пайдаланып сайысқа түседі. Спортшылардың қимыл-қозғалысын арнайы датчиктер тіркеп, виртуалды кеңістікке көшіреді. Ал қарсыластар арасында тікелей физикалық байланыс болмайды.