Теннисші Даниэль Тазабеков жасөспірімдер арасында Франциядағы турнирдің финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші Даниэль Тазабеков Францияның Больё-сюр-Мер қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour Juniors санатындағы J300 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұптық сайыстың жартылай финалында Даниэль жапониялық Такамаса Кавагутимен бірге франциялықтар Марк Доменик пен Дени Жадені 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Финалда Тазабеков пен Кавагути Беларусь өкілі Ричард Лацис пен ресейлік Савва Рыбкинге қарсы ойнайды.