logo

«Комо» тарих табалдырығында. Италия кубогының жартылай финалындағы «Интер» – «Комо» матчының тікелей эфирі

«Комо» тарих табалдырығында. Италия кубогының жартылай финалындағы «Интер» – «Комо» матчының тікелей эфирі

Италия кубогы шешуші кезеңге жақындап келеді. Бірінші жартылай финалда қазіргі чемпион «Интер» мен маусымның басты сенсацияларының бірі «Комо» кездеседі.

Олардың алғашқы ойыны 0:0 есебімен тең аяқталған болатын.

Айта кету керек, өзінің жүз жылдан асатын тарихында «Комо» ел кубогының финалына бірде-бір рет жеткен емес. Алайда Сеск Фабрегас бұл арманды шындыққа айналдырып, команданы финалға бір қадам қалдырды.

Бірақ бұл қадам өте қиын болмақ. Серия А-ға қайта оралғаннан кейін «Комо» «Интерді» бірде-бір рет жеңе алмады — 4 жеңіліс және жоғарыда аталған бір тең ойын.

Сонымен қатар миландықтар жартылай финалға жақсы формада келіп отыр — Серия А-да қатарынан үш жеңіс. Ал «Комо», керісінше, соңғы екі матчын ұтылып қалды.

Матч 21-інен 22-сіне қараған түні, сағат 00:00–де басталады.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі