«Бенфика» Лиссабон дербиінде жеңіске жетті (видео)
Португалия чемпионатының 30-туры аясында «Бенфика» сырт алаңда «Спортингті» жеңді.
Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Жеңіс голын «бүркіттер» қосымша уақытта соқты — Рафа Силва мергендік танытты.
Бұған дейін командалар Андреас Шьедеруп пен Хидемаса Моританың голдары арқылы есеп алмасқан болатын.