Гойти Дазаев Fight Night гран-приіне қатысады
Қазақстандық файтер Гойти Дазаев (12-4-1) қысқа мерзімді шақырту арқылы Fight Night ұйымының орта салмақтағы гран-приінің ширек финалына қатысатын болды, деп хабарлайды Sport+.
«Көкжал» лақап атымен танымал спортшы соңғы рет 2025 жылдың ақпан айында октагонға шыққан еді. Ол кезде лига чемпионы атағы үшін өткен реваншта Дмитрий Бекревке есе жіберді.
Гойтидің жаңа қарсыласы — Open FC ұйымының бұрынғы чемпионы Сергей Романов болады.
Жекпе-жек 6 маусым күні өтеді.