Мурад Абдурахманов: Егер «Alash Pride мүмкіндік берсе, тағы бір беделді белбеуді жеңіп алудан бас тартпас едім

Мурад Абдурахманов: Егер «Alash Pride мүмкіндік берсе, тағы бір беделді белбеуді жеңіп алудан бас тартпас едім

OCTAGON ұйымының бұрынғы чемпионы Мурад Абдурахманов 31 мамыр күні Алматыда өтетін қазақстандық «Alash Pride» пен «Brave» лигаларының бірлескен турнирінде қазақстандық ұйымындағы үшінші жекпе-жегін өткізеді.

Мурадтың қарсыласы қырғызстандық Манас Темірбеков болады.

«Әдеттегідей дайындық туған „Еркін Күш“ клубында өтіп жатыр, бәрі жақсы. Қарсыластың бірнеше жекпе-жегін көрдім, мықты орта деңгейлі спортшы екен», — деді Абдурахманов Sport+ арнасына берген сұхбатында.

— Ол жуырда ғана Омбыда жекпе-жек өткізді. Кездесу өтпей қалады немесе салмақ қуа алмайды деген алаңдаушылық жоқ па?

— Жекпе-жектің бұзылғанын қаламаймын. Бастапқыда 88 келіге дейін төбелесуіміз керек еді, бірақ ол тек 93 келіге келісетінін айтты. Сол себепті осы салмақ дәрежесіне келісуге тура келді. Сондықтан бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

— Турнирге «Еркін Күш» клубының бірнеше жауынгері қатысады. Бір күнге бірге дайындалу плюс па, әлде өзің де дайындалып, басқаларға да көмектесу қиындық туғыза ма?

— Біздің клуб цех сияқты жұмыс істейді. Біз әрдайым бірге жаттығып, бір-бірімізге көмектесеміз. Жекпе-жегі жоқтар, жекпе-жекке дайындалып жүргендерге көмектеседі. Осы жағынан алғанда бізде ең үздік команда.

— Сіз NAIZA ұйымында өнер көрсетіп, титулдық жекпе-жекке дейін жеттіңіз, OCTAGON-да белбеу жеңіп алдыңыз. Енді «Alash Pride-та» да чемпион атану жоспарда бар ма?

— Мен 93 келідегі гран-приде NAIZA белбеуін жеңіп алдым, бірақ оны сол күйі алмадым. Үйге іліп қою үшін коллекцияма қосқым келген. OCTAGON белбеуі үйде тұр. Егер «Alash Pride» титулдық жекпе-жекке шығуға мүмкіндік берсе, тағы бір беделді белбеуді жеңіп алу мүмкіндігінен бас тартпас едім.

31 мамырдағы турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.



Күн шежіресі