Ақтауда өтетін NAIZA турниріне тағы үш жекпе-жек қосылды

Ақтауда өтетін NAIZA турниріне тағы үш жекпе-жек қосылды

NAIZA 83 турнирінің кардында тағы үш жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Жартылай жеңіл салмақта жеңіліп көрмеген Шахзада Мирзаев (4-0) аса қауіпті Сирожиддин Бекмуродовпен (8-2) кездеседі. Екі жас проспект те тек жеңіске бағытталған.

Сондай-ақ жанкүйерлерді жеңіл салмақтағы жеңіліп көрмеген екі файтердің текетіресі күтуде: Сайран Сағындықов (4-0) пен Әділ Шақар (3-0). Екі жарқын нокаутердің айқасы кештің басты көріктерінің біріне айналмақ.

«Қазақ газы» лақап атымен танымал Ғазиз Аманжолов (5-1) жеңілістен кейін қайта жеңіс жолына оралуды көздейді. Оның қарсыласы — NAIZA ұйымындағы дебютінен кейін бірден Газизге жекпе-жекке шақыру тастаған Шахзод Ахмедов. Екі спортшы да тек жеңіс үшін октагонға шығады.



Күн шежіресі