NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Тимур Серікұлы Ақтауда өтетін турнирде октагонға оралады
6 маусым күні NAIZA лигасы Ақтау қаласында турнир өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Кештің басты жекпе-жегінде лиганың бұрынғы чемпионы Николай Самусев қазіргі чемпион Бағлан Жеңісұлымен чемпиондық белбеу үшін кездеседі.
Кештің екінші басты жекпе-жегінде тағы бір экс-чемпион Тимур Серікұлы октагонға қайта оралады. Тимур соңғы айқасында Майке Линареске есе жіберген еді. Енді ол жеңіс жолына қайта түсуді көздеп отыр.
Тимурдың қарсыласы — қауіпті нокаутер Әли Чоршанбиев. Ол бұған дейін Қанат «Канский Фестиваль» Құлмағанбетовті мерзімінен бұрын жеңген болатын.