Еренғайыпов мен Хан арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды
«Alash Pride» пен «Brave» ұйымдарының бірлескен турниріндегі басты жекпе-жектердің бірі — Диас Еренғайыпов пен пәкістандық Амир Хан арасындағы кездесу өтпейтін болды.
Бұл туралы Хан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, виза мәселесіне байланысты жекпе-жекке шыға алмайтынын айтты.
«Жекпе-жектің өтпей қалғанына өкініш білдіремін. Мұны қайтадан, Бахрейнде өткізуге дайынмын», — деп жазды Диас Еренғайыпов пәкістандық спортшының жазбасының астында.
Турнир 31 мамыр күні өтеді. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасы көрсетеді.