Ғалым Мәмбеталиев Дінмухамед Қайыржан жайында пікірін білдірді

«Барыс» командасының бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев Дінмухамед Қайыржанның прогрессі жайында айтты, деп хабарлайды Sport+:
- Ол көп оңтайлы сәттерге себепкер болып жүр. Өткен ойыннан кейін видеодан қайталап көрдік, кем дегенде үш гол соғатын сәті болды. Бұл жігіт қосып келеді, алайда тұрақты ойнау үшін әр матчқа қоса алмай жүрміз. Тәжірибе деген ойындармен, жұмыспен, адамның жұмысқа деген қарым қатынасымен келеді. Қазір ойнап жүргендей 17-18 минутқа шыдап, оған қоса күнара шығу үшін жақсы дайындық керек. Ниеттері жақсы, енді жақсы дайындалса әлі-ақ гол соғады. Қазір өсіп келе жатқанына ризамын, ең бастысы осы қарқынмен жалғастырса болғаны.