3х3 ҚХЛ чемпионатының тоғызыншы турына «Барыс» құрамы белгілі болды

20-23 ақпан аралығында Мәскеуде 3х3 ҚХЛ чемпионатының тоғызыншы тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport+
Бұл күндері Астананың «Барыс» клубының қарсыластары «Динамо», «Авангард» және «Трактор» ұжымдары болмақ. Минск хоккейшілерінде 23 ұпай болса, Омск пен Челябинск еншісінде 24 ұпай. Астаналықтар он ұпаймен жалғастыруда.
Павел Глотов жасақтаған құрам төмендегідей:
Қақпашылар: Александр Смелянец, Александр Кудрявцев.
Алаңдағы ойыншылар: Абай Мангисбаев, Станислав Александров, Темірлан Китаров, Константин Пушкарёв, Александр Мигунов, Александр Перкин, Станислав Филиппенко, Дмитрий Макеев.