Айдар Махметов Астана қаласының дзюдо федерациясының президенті болып сайланды
Астана қаласының дзюдо федерациясының есептік-сайлау конференциясында жаңа президент сайлау өтті, деп хабарлайды Sport+.
Бұл қызметті Sport+ арнасының амбассадоры, бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері, ММА мен грэпплингтен әлем чемпионы Айдар Махметов иеленді.
Махметов ұсынған бағдарламада балалар мен жасөспірімдер дзюдосын дамытуға, соның ішінде IJF Judo in Schools бағдарламасын жүзеге асыруға, жаттықтырушылар мен төрешілер құрамының біліктілігін арттыруға, сондай-ақ қалалық турнирлерді халықаралық федерация жүйесіне интеграциялауға басымдық берілді.