Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
Дзюдодан Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының соңғы тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған додада 14 қазақстандық балуан жүлдеге таласады. Соның ішінде 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар.
Ерлер
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
73 келіге дейін: Есет Қуанов
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай
90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков
100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев
Әйелдер
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова
57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева
63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
Турнир 28-30 қараша аралағында өтеді.