«Жетісу» Қазақстан құрамасына үміткер ойыншымен келісімшарт жасасты
Талдықорғандық «Жетісу» клубы 23 жастағы қазақстандық қорғаушы Әділхан Добаймен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әділхан Добай кәсіби мансабын «Оңтүстік академиясы» мен «Ордабасы» клубтарының жастар құрамында бастаған. Сондай-ақ ол «Мақтаарал» және «Ертіс» клубтарында өнер көрсеткен.
Қорғаушы 2024 жылы «Жетісу» сапында да ойнаған. Өткен маусымда павлодарлық клуб құрамында Бірінші лигада 19 матч өткізді.