logo

«Тобыл» Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысымен толықты

«Тобыл» Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысымен толықты

Қостанайлық «Тобыл» 35 жасар қазақстандық қорғаушы Александр Марочкинмен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл футболшының Қостанай клубына екінші оралуы. Александр Марочкин алғаш рет «Тобыл» сапында 2019 жылдың соңынан бастап өнер көрсеткен. Барлығы қорғаушы Қазақстан чемпионатында команда үшін 80 матч өткізіп, екі гол соққан.

«Тобыл» құрамында Марочкин Қазақстан чемпионы атанып, сондай-ақ ел Суперкубогын екі рет жеңіп алған.



Күн шежіресі