«Қайсар» Қазақстан құрамасының шабуылшысын қатарға қосты
Қызылордалық «Қайсар» 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Алияр Мұхамедпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұхамедтің соңғы клубы көкшетаулық «Оқжетпес» болды. Өткен маусымда ол бұл команда сапында 24 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Биыл футболшы Қазақстан ұлттық құрамасының сапында алғаш рет алаңға шықты.