Марез Алжир құрамасын Африка ұлттары кубогының плей-офф кезеңіне шығарды (видео)
Африка Ұлттары кубогында өнер көрсетіп жатқан Алжир құрамасы турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.
Буркина-Фасо құрамасына қарсы өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голдың авторы — Рияд Марез.
Осылайша, Алжир құрамасы топтық кезеңнің аяқталуына бір тур қалғанда өз тобында бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.