logo

«Жетісу» клубы «Жеңіс» шабуылшысын қатарына қосты

«Жетісу» клубы «Жеңіс» шабуылшысын қатарына қосты

Талдықорған қаласының «Жетісу» клубы 27 жастағы қазақстандық шабуылшы Нұрбол Ануарбековпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport+ клубтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ануарбеков 2023 жылдан бері астаналық клуб сапында өнер көрсетіп келеді. 2024 жылғы маусымның екінші жартысында ол Жезқазғанның «Ұлытау» командасында уақытша ауысыммен ойнаған, ал 2025 жылғы маусымның соңғы бөлігінде де «Жетісу» сапында уақытша келісімшартпен өнер көрсеткен.



Күн шежіресі